Еліміздегі медициналық сақтандыру қорына қазірдің өзінде 700 млрд теңгеден астам қаржы жиналған. Мұны Алматыға іс-сапармен келген мәжіліс депутаты Серік Сейдуманов айтты. Шендінің сөзінше, қазір жаңа жобаны дамыту үшін тұрғындарды емханаларға толық тіркеп үлгеру керек. Одан бөлек, жоғарғы оқу орындарында грантта оқитын түлектер еңбек жолын емханаларда жұмыс істеуден бастауы керек. Бұл тәжірибие толыстыруға септеседі.
«Қазір медицина мамандығын тәмәмдаған түлектер көбіне денсаулық сақтау жүйесіне кетіп жатады. Мемлекеттік грант негізінде оқып жатқан болашақ медиктер еңбек жолын жергілікті емханалардан бастауы керек деген пікірлер айтылды. Өйткені, 5-6 жыл бойы тегін білім алғаннан кейін емханаларда халықпен етене жұмыс жасауы керек», - деді Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік СЕЙДУМАНОВ.