Туғандары үшін бастарын бәйгеге тіккен донорларды дәрігерлер құттықтады

Туғандары үшін бастарын бәйгеге тіккен донорларды дәрігерлер құттықтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Бауырымды бауырыма сыйлаймын». Дәрігерлер науқастарға өмір сыйлағандарды осындай медальмен марапаттады. Мұндай құрметке 80-ге жуық донор ие болды. Елімізде 2011 жылдан бері 183 бауыр ауыстыру операциясы жасалған. Оның 151-і туыстық транслантация. Елімізде донор тапшылығы бар ма? Дәрігерлер оны шешудің қандай жолдарын ұсынады?

Қызылордада тұратын Әжібаевтар әулеті 2015 жылды қиын болды деп еске алады. Өйткені, ойда жоқта отбасының мүшесі 41 жастағы Боранбайға дәрігерлер «бауыр циррозы» деген диагноз қойыпты. Науқасқа кеселден айығуы үшін ағзасын ауыстыру қажет болған. Отбасында 7 ағайынды Боранбайдың 4 бауыры ойланбастан донор болуға келіскен. Алайда тек біреуінің ғана бауыры жабысқан кеселден айырықтыруға жарапты.

«Менің 5 балам бар. Соны асырау үшін емделу керек болды. Дәрігерлер бауыр ауыстыру керек деді. Сонымен амал жоқ бауырларыма айтып, бауырларым келісіп, сонымен Құдайға шүкір бауырларымның арқасында, нағашымның арқасында ауыстырдық. Төртеуі келді. Соның ішінен алдық қой. Бірінші үлкен ағамның баласы келген үлкен баласы. Оның бір тамыры сәйкес келмеді. Одан кейін өзімнің 3 бауырымды әкелді», - деді реципиент Боранбай ӘЖІБАЕВ.

4 адамның ішінен науқас Боранбай Әжібаевқа кіші інісі Қазыбектің бауыры барлық жағынан сәйкес келген. Сондықтан дәрігерлер уақыт жоғалтпастан ота жасауды шешіпті. 18 сағаттық операция Сызғанов атындағы хирургия орталығында жасалған. Ота сәтті аяқталған.

«Ауылдағылар бәрімізге тілектес болды. Өзі ниеттерін білдірді. Мен ағама өз еркіммен бауырымды бердім. Мен реанимацияда бауыр бергеннен кейін 2 күн жаттым да, 3-ші күні қол-аяғым тік тұрып кеттім. Ағам 10-12 күн жатты. Одан кейін ол кісіде тұрды. Құдайға шүкір денсаулығымыз жақсы», - деді донор Қазыбек ӘЖІБАЕВ.

Елімізде бауыр трансплантациясы тегін жасалады. Тек науқасқа туған-туыстарының бауыры жарап, олар келісім берсе болғаны. Ал мұндай ота шетелде шамамен 150-200 мың АҚШ доллар тұрады екен. Дәрігерлер тірі адамнан ағза алып, оны бауырға трансплантациялау өте қиын операция деп отыр. Былтыр елімізде 183 адамның бауыры ауыстырылған. Оның 151-і туыстық трансплантация. Ең алғашқы бауыр алмастыру елімізде 2011 жылы жасалған.

«Бүгінгі жиналып жатқандардың негізі тірі донорлар. Олар туысқандары, балалары ата-анасына берген я болмаса ата-аналары балаларына берген. Апалы-сіңілі жақын адамдар. Өзінің бауырын сыйлап, өзінің туысқандарына, жақындарына берген. Ол деген енді амалсыздан жасалып жатқан дүние. Жалпы қайтыс болған адамның ағзасын алу мәселесі жетіспеушілік болғандықтан сондықтан біз осындай жолмен жүріп жатырмыз», - деді  А.Н.Сызғанов атындағы хирургия ұлттық ғылыми орталығының бас директоры Болатбек БАЙМАХАНОВ.

Туғандары үшін бастарын бәйгеге тіккен донорларды дәрігерлер құттықтады. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келгендердің арасында 2011 жылы алғаш ота жасалғандар, жасы кішкентай балаларда бар. Айта кетейік, 1 жылда шамамен 1 жасқа дейінге 20-25 балада донорға мұқтаждық туады. Оларға 6-9 айдың ішінде ота жасалмаса ажал құшулары мүмкін. Қазірдің өзінде Сызғанов атындағы ғылыми орталықта 7 бала донорға зәру.

Жадыра Омаржан, Әсет Құндақбаев, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров