|
04.11.2016 | 12:48
3298

Елімізде кедендік транзитке кепілдік беретін жаңа жүйе енгізілді

Елімізде кедендік транзитке кепілдік беретін жаңа жүйе енгізілді


Елімізде биылдан бастап кедендік транзитке кепілдік беретін жаңа жүйе енгізілді. Кепілгерлік институты - Қазақстан Республикасындағы транзиттік әлеуетті ұлғайтуға ықпал етеді. Кепілгерлік механизмі «КазТрансСервис» Ұлттық кепілдік беру компаниясымен жүзеге асты.

Бұған дейін Қазақстан Республикасы аумағында тауар жеткізуді қамтамасыз ету - кедендік сүйемелдеу арқылы жүзеге асатын. Кесіріне бірқатар ыңғайсыздық туып, құжат рәсімдеу жұмыстарын кешеуілдейтін еді. Енді жаңа жүйемен тауар жеткізуді қамтамасыз ету әлдеқайда жеңіл болмақ.

«Осыған дейін қолданылып келген кедендік сүйемелдеу бірқатар ыңғайсыздық туғызатын, уақытты үнемдемейтін. Мысалы, бір құжатқа 10 шақты транспортты рәсімдеу кіретін болса, ол құжат толып бітемін дегенше, біршама уақыт кетеді. Кейде таңертең рәсімделген көлік басқа да жеткізушілер келем дегенше кешке дейін күтеді. Ал, мемлекеттік кірістер органдары үшін уақыт үнемдеудің зор маңызы бар. Кепілгерлік механизмі енгізілгеннен кейін өту бөлімшелеріне кететін уақытты қысқартуға мүмкіндік туды. Бұл болашағы бар, жақсы шешім болып отыр», - деді Алматы қаласы бойынша МКД кедендік бақылау басқармасының басшысы Ризабек ҚАЛИАЖДАРОВ.

Кепілгерлік механизмі «КазТрансСервис» Ұлттық кепілдік беру компаниясымен жүзеге асты. Еліміздің мемлекеттік кірістер комитеті қойған бағыты - ақырындап кедендік сүйемелдеуден кетіп, кепілгерлікке толықтай көшіп, оны дамыту. Кепілгерлік механизмі - Ресей, Белорус секілді көршілес мемлекеттерде әлдеқашан қолданысқа енген.

«Негізгі мақсатымыз - кепілгерлік механизмін Қазақстанда дамыту. Өйткені, біздің көршілеріміз, Ресейде және Белорусияда кепілгерлік институты қатты дамыған. Ол жақта кепілгерлік 99 пайызын алады», - деді «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Равиль АРЫСТАНБЕКОВ.

Елімізде жаңадан енгізілген жүйе - транзиттік әлеуетті көтеріп, тауар жеткізуді қамтамасыз етуді рәсімдеу жұмыстарын тездетуге септігін тигізбек. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлерлерге де ұнайтын жүйе.

Сая Меңдеке, Рашиддин Якупов, «Алматы» телеарнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир