Ел қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты

02.02.2017 18:17

Бүгін Универсиада ойындарының 5-ші жарыс күнінде ел қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты. Оны биатлоншы қызымыз Галина Вишневская алып берді. Ол биатлоннан 7,5 шақырымға спринт сайысында сынға түсіп, үздік шықты. Отандасымыз мәре сызығын 21 минут 43,1 секундта кескен. Жалпы командалық есеп бойынша Қазақстан қазір қайтадан екінші орынға тұрақтады. Бірінші орын Ресей, үшінші орында Жапония, ал Польша төртінші орында. Айта кетейік, тұңғыш алтынды биатлоннан 15 шақырым қашықтықта жекелей жарысқа түскен Алина Райкова жеңіп алса, Фристайлшыларымыз Жанбота Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбек екінші алтынды қоржынға салған еді. Сонымен қатар, күміс медальды фристайлдың акробатикасынан Жібек Арапбаева мен ең үздік биотлоншы қыз Галина Вишневская олжалаған болатын. Ал, Ұлттық құраманың шаңғышысы Анна Шевченко екі рет қола жүлде қанжығаласа, конькимен жүгіруден Екатерина Айдова мен Жанбота Алдабергенова фристайлдан қола алған еді.