Береке мен бірлік мерекесі - Наурыз мейрамы астрологияға негізделген, күн мен түн теңескен кезең аяқталғанша тойланатын байырғы мейрам. «Сондықтан ұлық мереке бір ай бойы тойлану керек» деген алматылық тұрғындар аула-алапта әлі де Наурыз дастарханын жиған жоқ. Табиғат жаңаратын, тіршілік атаулы жасаратын, қайырымдылық мерекесінің арқасында бір-бірін танымайтын көршілер қауқылдасып, бір дастарханнан дәм татысты. Жаңбырдың сіркірей жауып тұруы да көңілді халыққа кедергі келтіре алмады. Қаланың сегіз ауданындағы аулаларда наурыз көже, бауырсақ тегін таратылса, жастар өз күштерімен түрлі той-думан ұйымдастырды.
«Осы бір ауыздан бәрін жақындатуда. Осыдай Наурыз мерекесін болашақ бүлдіршіндеріміз, қазіргі әже-аталдарымыздың келе жатқан мерекесін тойлатудамыз. Сол себепті осындай шара, мерекелерді өткізудеміз. Осы Әуезов ауданында алдыңғы жылы 50 аула жаңартылған, осы жылыда 115 аула жаңартудамыз», - деді Алматы қаласы Әуезов ауданы коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Азат КӘКЕТАЕВ.