Қостанай облысында көмілмейтін мүрделер қорымы бар. Жергілікті жұрттың айтуынша, ол жерде 20 адамның мүрдесі 19-ғасырдан бері жатыр. Жан тапсырған бір әулеттің адамдары кесененің ішіне жайғастырылған. Марқұмдарға неге қара топырақ бұйырмады? Мақат сағанасының сыры неде?
Бұл Арқалықтан шамамен 150 шақырым жерде, Қарағанды обылысымен шекаралас аймақта орналасқан «Мақат сағанасы» кесенесі. Мұнда тек махат руынан қайтыс болған ұрпақтарының мәйіті кезекпен қойылып отырған. Ашығын айтқанда, сағананың іші ашық мола тәріздес. Онда қазір сол әулеттегі 20 адамның мүрдесі жатыр. Әйтсе де, ешқайсысы да қара топыраққа көмілмеген.
«"Мақат сағанасы" 19 ғасырда салынған. Бұл Мақат деген кісінің Меккеге барып келгеннен кейін, осы ұрпақтары бір жерде жатсын деп салған ескерткіш мавзолейі. Бұл қазіргі уақытта мынау бұрынғы совет үкіметі кезінен бастап, үкіметтің қарауында қорғалуда»,-деді Қостанай облысы екідің ауылының әкімі Дулат БЕЙСЕНОВ.
ХІХ ғасырда бой көтерген бұл кесене әлі күнге дейін жақсы сақталған. Жерасты бөлмеге мүрделер ретімен қойлыпты. Кесененің ұрасындағы желдеткіш жүйесі жіті ойластырып салынғандығының арқасында, мәйіт бұзылмай, кеуіп, күлге айналып кетеді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ауа айналымы үзілмейтін болғасын, мәйіттен шіліңгір шілде де жағымсыз иіс шықпайды екен. Адам қайтыс болған соң, ақ кебінге орап, марқұмды сағананың жертөлесіндегі орталық қабірге қояды. Әулеттің тағы бір өкілі көз жұмса, алдыңғы қойылған мүрде басқа қабірге түсіріледі - дейді білетін жұрт. Ең соңғы рет Мақат сағанасына 1994 жылы дүние салған кісінің мәйіті көмусіз қойылған. Ол әлі күнге дейін сақтаулы.
Бұл жерде өтетін арнайы жол бар. Мына екі жерде әйел кісі мен бір ер адам жатыр. Ал мұнда ер адам жатыр. Мұнда шұңқыр бар. 1994 жылы қайтыс болған. Сондай-ақ, бұл жерде де әйел адамның мүрдесі жатыр.
Тарихшылардың топшылауынша, кесененің су қоймасы қасында салынуы бекер емес. Сол маңайда кірпіш жасау үшін арнайы шұңқырлар қазылған. Ал қос кірпіштің берік қалануы үшін саз балшыққа аттың қылын қосқан көрінеді. Екі ғасырдай уақыт бойы кесененің үгітіліп кетпеуінің сыры осында дейді зерттеушілер. Жергілікті тұрғындар бұл жерді киелі санап, әлуиелі кесенеге келушілердің қарасы көп екенін де жасырмайды.
Әйкерім Ердәулетқызы, Қостанай.