Алматының Медеу ауданында бөбекжай ашылды

Алматының Медеу ауданында бөбекжай ашылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда мемлекеттік жеке меншік серіктестік аясында балабақша саны артып жатыр. Сондай бөбекжайлардың бірі Медеу ауданында да ашылды. 60 орынға шақталған балабақшада әзірге 30-дан аса балдырған тәлім алады. Әзірге жаңа мектепке дейінгі мекемеде 12 адам еңбекпен қамтылған. Айта кетейік, тәрбиелеушілер үш тілде білім үйретеді.

«Әрбір ата-ана үшін қалтасын көтере алатын, ішіне, сапасына мән бердім. Осы балабақшаға көңілім толды. Өйткені, тиімді сосын мұғалімдер бұл жерде үш тілде сабақ береді. Өте жоғары деңгейде басқа балабақшалармен салыстырғанда сол деңгейдегі балабақшалар өте қымбат болды. Ал бұл біздің қалтамызға тиімді болды»,- деді Қала тұрғыны, Ақмарал ҚАСЫМБЕКОВА.

Қазір ауданда 2-ден 7 жасқа дейінгі 18 мемлекеттік және 47 жеке меншік балабақша бар. Барлығы 6300-ге жуық бөбек тәрбиеленсе, кезекте тұрған бала саны 2 жарым мыңға жетеді. Осыған орай, биыл Медеу ауданында жеке меншік тағы 20 жаңа бөбекжай ашу жоспарланып отыр.

Новости партнеров