Атышулы Зейнеп Шакирганованың мәселесі майшаммен қаралмақ

02.06.2017 17:02

Атышулы 62 жастағы Зейнеп Шакирганованың мәселесі майшаммен қаралмақ. Қалалық деңгейде емес, бүкіл бұқараға тараған жағдай Білім және ғылым министрлігінің қарауына өтті. Бұл Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен жиын барысында белгілі болды. Айта кетейік, 4 баланы патронаттық тәрбиеге алған Зейнеп Шакирганова  баспананы заңсыз иемденіп келеді. Оған соттың 2014 жылы үйді босату туралы шешімі дәлел. Сонымен қатар, аталмыш үш бөлмелі пәтердің өзге егесі анықталған. Осыған орай, арнайы комиссия да құрылуы мүмкін.

«Бұл тұста жергілікті әкімшілік әлеуметтік аз қамтылған отбасы ретінде балалардың тұратын орнын  тексеру қажет. Екіншіден жасөспірімдерді басқа баспанамен қамту мәселесін қарастырған жөн. Қамқорлық қызметін атқаратын орган оларды үймен қамтуға құқығы жоқ. Ал пәтердің нағыз мұрагерлері өз құқықтарын ары қарай да қорғайтын болады. Біз бұл жағдайды тікелей бақылауымызға аламыз», - деді БҚҚК Төрағасының міндетін атқарушы Ержан ЕРСАИНОВ.

Отырыстан кейін журналистер сұрағына жауап берген Білім министрлігінің өкілдері ісі насырға шапқан 67-ші мектептің мәселесіне де қатысты жауап берді. Өйткені, бұл жағдай бірнеше уақыттан бері шешілмей келеді. Яғни, мектеп директоры қызметін пайдаланып, оқытушылардан аттестация мен жұмысқа тұруы үшін қомақты ақша сұраған. Алдағы уақытта, осы түйіткіл де шешімін таппақ.

«Әрине Білім министрлігі бұл жайында хабардар. Талқыланып жатқанына 1 айдан астам уақыт болды. Бірақ мектеп директорын жұмыстан шығаратын біз емес. Білім сапасын қадағалайтын арнайы комитет бар. Мүмкін жақын арада осы комитеттің көмегіне жүгінетін боламыз», - деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл АСЫЛОВА.