Шымкент тұрғындары балмұздақтан жаппай уланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Sputnik. Шымкентте балмұздақ жеген қырықтан астам адам
ауруханаға түсті, деп хабарлайды otyrar.kz өңірлік басылымы.
БАҚ мәліметінше, Шымкенттің жұқпалы аурулар емханасына екі
күн ішінде 23 адам түскен: үшеуін 28 наурызда ауруханаға жеткізсе, 29-ы күні тағы 20 адам дәрігерлердің
жәрдеміне мұқтаж болыпты.
Науқастардың жасы – 5 және 18 аралығында, барлығына бір диагноз қойылды – жедел ішек инфекциясы. Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде төрт адам жатыр: бес және алты жастағы екі бала мен 17 және 18 жастағы екі жасөспірім.
Ата-аналардың айтуынша, балмұздақ сататын дүкен «Қиял әлемі» саябағы маңында орналасқан. Сайттың берген ақпаратына сүйенсек, дүкен қазір жабық тұр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
18 қыркүйекке арналған валюта бағамы
18.09.2026 09:00
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
19.09.2026 08:06
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл-күйді көтеру жолы
19.09.2026 14:40
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
19.09.2026 21:25