Шымкент тұрғындары балмұздақтан жаппай уланды

30.03.2018 19:50

Sputnik. Шымкентте балмұздақ жеген қырықтан астам адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды otyrar.kz өңірлік басылымы.
БАҚ мәліметінше, Шымкенттің жұқпалы аурулар емханасына екі күн ішінде 23 адам түскен: үшеуін 28 наурызда ауруханаға жеткізсе, 29-ы күні тағы 20 адам дәрігерлердің жәрдеміне мұқтаж болыпты. 

Науқастардың жасы – 5 және 18 аралығында, барлығына бір диагноз қойылды – жедел ішек инфекциясы. Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде төрт адам жатыр: бес және алты жастағы екі бала мен 17 және 18 жастағы екі жасөспірім.

Ата-аналардың айтуынша, балмұздақ сататын дүкен «Қиял әлемі» саябағы маңында орналасқан. Сайттың берген ақпаратына сүйенсек, дүкен қазір жабық тұр.