Алматы музейінде «Рухани жаңғыру» залы ашылды

Алматы музейінде «Рухани жаңғыру» залы ашылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы музейінде «Рухани жаңғыру» залы ашылды. Онда аталмыш бағдарламаға енген жобалармен танысуға болады. Мәселен, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша Алматы аумағында орналасқан 6 нысан көрсетілген. «Тәуелсіздік таңы» монументі, «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық паркі, Райымбек батыр кесенесі мен Ахмет Байтұрсынұлының музей үйінің суреттері ілініп, тарихы туралы мағлұмат ілінген. Сондай-ақ аталмыш залда «100 жаңа есім» жобасына енген 20 жерлесіміздің жетістігі паш етілген. Музейге келушілер олардың игілікті істерін біліп, өскелең ұрпаққа үлгі етері сөзсіз. Ал залдың бір бөлігі қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру жолында жасалған жұмыстарға арналған. Болашақта мұнда қазақ тілінде басылап шығатын 100 оқулықтың алғашқы нұсқалары орын таппақ.

«Рухани жаңғыру бағдарламасы бұл бір күнде, я бір жылда бітетін нәрсе емес. Бұл деген үлкен, ұлттық халқымыздың жаңғыру бағдарламасы. Бұл деген өте ұзақ уақытқа созылады. Бұл экспозициямыз да сол бағдарлама бойынша көрсетілген жобалардың дамуына байланысты толықтырылып тұрады»,- деді Алматы қаласы музейлер бірлестігі директорының даму жөніндегі орынбасары Қайрат ТАРБАЕВ.

Бұдан бөлек, «Рухани жаңғыру» залында жергілікті маңызы бар ғимараттардың, тарихи ескерткіштер мен музейлердің тарихымен тереңінен танысуға мүмкіндік бар. Мәртебелі тізімде Көктөбе мен Медеу мұз айдыны да көрсетілген.


Новости партнеров