Алматыда жеке кәсіпкер балаларға арналған футбол алаңын салып берді

08.08.2018 21:51

Алматыдағы Наурызбай ауданында жаңа футбол алаңы ашылды. «Туған жерге тағзым» атты бағдарлама аясында жасалған бұл игі шараның шығынын жеке кәсіпкер көтерген.

Бұл осы ауданда ашылған 6-шы балалар алаңы.

Құны 2 миллион теңгені құрайтын алаңқайда аудан балалары енді алаңсыз асыр салып ойнауға кірісіп-ақ кетті. Жасөспірімдердің бос уақыты спортпен шұғылданып өтетініне ата-аналар да дән риза. Ал қалталылар қала тұрғындарының игілігі үшін әлі де атқаратын шаруаның шаш етектен екенін алға тартты.  

«Бұл алаңды осы аймақта тұратын жасөспірімдерге арнап салдық. Қолдары бос кезде, әсіресе, жаз мезгілінде балалар жиналып, осында футбол ойнасын деген ниетіміз іске асты. Футбол алаңының ашылу кезінде балалардың көзіндегі қуанышты көріп, өзіміз де қуанып тұрмыз», – дейді кәсіпкер Шердәулет ШЕРМҰХАН.