Мемқызметкерлер қазақ тілін қалай үйренетіндігі туралы қоғамдық кеңесте айтылды

13.04.2017 в 16:46

Алматы қаласы мемлекеттік іс жүргізу бойынша аймақтар арасында соңғы 16-ыншы орынға жайғасқан. Өткен жылғы қорытынды мәліметтерде 46 % - кіріс, 62% - шығыс хаттама қазақ тілінде рәсімделген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелерімен өткен жиын барысында айтылды. Қаладағы Алатау, Әуезов, Бостандық, Жетісу және Түрксіб аудандары шығыс корреспондентті 100 пайызға орындап отырған. Ал шаһарда барлығы 1400-ге жуық мемлекеттік қызметшінің 87 пайызы екі тілде де іс жүргізе алады. Сондай-ақ қоғамдық кеңесте дін ахуалы туралы сөз болды. Тұрғындарының 30 пайызынан көбі қаладағы діндар адамдардың өсуіне кері көзқараспен қарайтын көрінеді.

«Мемлекеттік қызметшілер мемлекет тарапынан тілді үйретуге берілген мүмкіндіктерді пайдаланбайды. Басқарманың ақпаратына сәйкес қазақ тілін үйренудегі негізгі мәселе, сабақ кестесі жұмыс уақытында қойылатынына байланысты олардың қолдарының босамауы. Қазақ тіліне қатысу көрсеткіші 60 пайызды құраса, ағылшын тілі бойынша 65 пайызға тең», - деді «Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің хатшысы Меруерт МҰҚАНОВА.

«Хаттың мәселесі заңның өзінде солай жазылған. Қай тілде келсе, хатқа жауап сол тілде беріледі. Алматы қаласы тілдерді дамыту басқарамасының өзінде 75 пайыз болды хаттардың жіберілуі деген. Әсіресе бізге көп келетінін мына бұрынғы Алма-ата қаласының қазір Алматы болып ауысқандығы жөніндегі анықтама беру мәселелері. Орыс тілінде келіп түскен хаттарға орысша жауап беруге міндеттіміз», - деді Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Мамай АХЕТОВ.


Теги: госслужба