Алматыдағы бизнес орталықтардың бірі тоналды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы бизнес орталықтардың бірі тоналды. Ұрылар 17 қабатты ғимараттағы бірнеше компанияның құнды заттарын еш кедергісіз үптеп кеткен.  Әзірге келтірілген шығынның нақты қанша екендігі белгісіз. Ірі көлемдегі ұрлық туралы егжей-тегжейлі біздің тілшілер анықтап көрді.

Бизнес орталықтың әкімшілігі ұрлық туралы қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Бірақ кейін тонау фактісін күзетшілердің анықтағаны мәлім болды. Олар түнде жоспарлы тексеру кезінде бірнеше кеңсенің есігі бұзылғанын байқаған. Оқиға орнына бірден полиция шақыртыпты. Ал зардап шеккен кәсіп иелерінен шағым тек таңертеңнен бастап түсе бастаған. Алмалы аудандық Ішкі Істер басқармасына әзірге 4 компанияның жетекшісі "ұрлық" дерегі бойынша шағымданған.

«Біздің шығын шамамен 4 млн 200 мың теңге. Ақшаны сейфтен ашып, алып кеткен. Ал ұсақ тиынды есептеген жоқпын. Мен отбасылық жұмыстармен кетіп, басқа қалада болғанмын. Кеңсеге келгенде осындай жағдайды көріп отырмын. Келсем полиция қызметкерлері жүр»,- деді Жәбірленуші, Лязат ҚОЖАХМЕТОВА.

Тергеу тобының алдын-ала болжам бойынша, белгісіз біреулер түнгі уақытта кеңселердің есік-терезелерін бұзу арқылы қомақты қаржы мен құнды заттарды қолды қылып кеткен. Аталмыш дерек сот алды бірыңғай реестрінде Қылмыстық кодекстің 188-ші бабы бойынша тіркеліпті. Ал полиция жаудың алыстын келмейтіндігін алға тартуда. Өйткені, ұрылар көп қабатты ғимараттың ішіндегі қауіпсіздік шараларын жақсылап біліп алған болулары мүмкін.

«Қазіргі таңда арнайы құрылған тергеу тобы бұл істі ашуға бағытталған бірқатар іздестіру және тергеу амалдарын жүргізу үстінде. Енді жау алыстан келмейді дейді. Бұл болжамды да біз жоққа шығармаймыз. Өйткені, көп қабатты ғимараттың ішінде қауіпсіздік шаралары қандай деңгейде екенін енді өткен-кеткен адам біле қоймас. Дәл осы қазіргі минутта келтірілген материалдық шығын мөлшері әлі белгісіз. Жеке кәсіпкерлерідң өздері әлі салыстырмалы түрде өз тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ненің жоғалып, ненің жоғалмағаны туралы нақты анықтау үстінде»,- деді IIД ресми өкілі, Салтанат ӘЗІРБЕК.

Енді қайткенде де ұрлықтың қалай орын алғаны арнайы талдау жүргізілгеннен кейін белгілі болады. Бұл істі тергеу амалдарына әсіресе күзет қызметі тарталыда. Сондай-ақ, бейнематериалдар да жіті зерттелмек.

Жадыра Омаржан, Мұрат Тайжан, Ернұр Досжанов, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров