Павлодарлық полицейлер велосипед ұрлығын жасады деген күдікпен облыс орталығының 33 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары Ак. Шөкин көшесіндегі үйдің жертөлелерінің бірінен ілгекті құлыпты бұзу жолымен «Техо» маркалы велосипедті ұрлап, кезекті қылмыс жасаған ұрыны қолға түсірді.
Оның көбінесе қосымша жайларда ұрлық жасағаны анықталды. Жай сызбамен әрекет еткен қарақшы құлыптарды бұзып, төрт велосипедті төмен бағамен базарда және кездейсоқ кездескен адамдарға сатқан.
Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 188-бабы «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.