|
18.04.2017 | 11:13
12114

Қайназар ауылының тұрғындары директордың қызметтен кетуін талап етуде

Қайназар ауылының тұрғындары директордың қызметтен кетуін талап етуде

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты ауылдың бірінде мектеп мұғалімдерін жаппай жұмыстан қуып жатыр. Былтырдың өзінде 36 ұстаз қызметтерінен кеткен. Оны шағын ауылдың тұрғындары да біледі. Олардың айтуынша, мектеп директоры Табыс Абайханов өз лауазымын асыра пайдаланған көрінеді. Тіпті, жұмыстан кеткен мұғалімдермен ауыл тұрғындары бірігіп арызданса да құлақ асқан құзырлы орын болмаған.

Бес мыңға жуық түтіні бар Қайназар ауылының  тұрғындары екі-үш жылдан бері мектеп директорымен соттасып келеді. Тұрғындар дегеніміздің көбі бұрынғы мұғалімдер. Алайда нәтиже шығара алмай жүр. Ашуға булыққан жұртшылықтың сөздерінше, білім орда басшысы жыл сайын ұстаздарды түрлі сылтаулармен жұмыстан шығаратын көрінеді. Тіпті, үлгерімдері төмен оқушыларды мектепте оқытпайтын көрінеді.

«Шындығын айтқанда, менің қызым суицидқа дейін барды. Екі көзі қып-қызыл болып кетіп, жатын бөлмесінің есігін бернеше күн іліп алды. Бұның барлығына кінәлі мектеп директоры. Себебі балаларды оныншы, он бірінші сыныпқа жеткізбей қуып жібереді», - деді Қайназар ауылының тұрғыны Бейсенгүл БАЙСАБЕКОВА.  

«2016 жылы 36 ұстазды жұмыстан қуды. Осыдан көруге болады жемқорлық екенін. Бұл мектептен кеткен ұзтаздар көршілес ауылдарға барып жұмыс істеуде. Масқарғой бұл!», - деді Қайназар ауылының тұрғыны Ынтымақ БАЙБАТЫРОВ.

Әділдік іздеген жұртшылық Еңбекшіқазақ ауданық соты мен прокуратурасына, Алматы облысы білім басқармасына да шағымданған. Бірақ көптің көңілі көншитін іс тындырылмапты. Тек мектеп директоры үш айға жұмысынан алынып, жуырда ғана үйреншікті қызметіне қайта жайғасқан.

«Орнына жаңа директор келіп тыныштық орнаған еді. Алайда барлық тексерістен өтіп, өзінің минустары дәлелленіп тұрып, қайта директорлық қызметке жайғасқаны масқара ғой. Біз бүткіл ауыл болып осыған қарсы шығып отырмыз», - деді  Қайназар ауылының тұрғыны Гүлнәр ЕРКЕНОВА.

Он жылдан бері мектеп директорлық қызметінде отырған Табыс Абайхановтың өз аузынан мәселенің мән жайын білуге арнайы бардық. Алайда, себебін білмедік. Жаңа тағайындалған басшы жұмыс орнында жоқ деді өзгелер. Ал, білім ордасының есігінен қарауға да мүмкіндік берген жоқ. Мемлекеттік мекемені жеке меншігіндей көргендер есігін басып алды.  

«Нақты өзінен сұраңыздар қайда жүргенін. Демек журналистердің келгенін естіп кетіп қалып отыр ғой? Ол жағын білмедім. Ол өз жұмысын біледі, ұйымдастырушылық қабілеті бар. Халықпен қарым-қатынасы қалай болып жатқаны белгісіз. Сонда халықпен не қарым -қатынас болып жатыр?», - деді Еңбекшіқазақ ауданы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Раушан НИЗАМОВА.

Бүгінде Шоқан Уалиханов атындағы бұл мектепте 800 оқушы екі ауысыммен білім алады. Басшымен ұстаздардың арасындағы даудың басталғанына 3 жылдай уақыт болған. У-шудың кесірінен оқушылардың оқу үлгерімі төмендеп кетті деген ата-аналар енді бас прокуратураға шағымданбасқа амалымыз қалмады деп отыр.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир