Қалдықтарды бөліп салу: Астанада қоқысты сұрыптайтын жаңа 6 мың контейнерлер пайда болады

26.06.2018 17:08

Биыл Астананың қоқысын сұрыптау мен қайта өңдеуге 5 миллион теңге қарастырылған. Аталмыш қаржы қазірдің өзінде белгілі мақсаттарға жұмсалуда. Мысалы, елорда аулаларына алғаш рет «сары контейнер», яғни дымқыл, құрғақ және қатты қалдықтарды бөліп салуға арналған қоқыс жәшіктері қойылды. Әзірге контейнерлердің саны жиырмаға жуық, бірақ жыл соңына дейін олардың санын бірнеше мыңға жеткізу көзделіп отыр.

Астана тұрғындары күніне мың тонна қоқыс тастаса, соның тек қана 10 пайызы ғана өңделеді. Әлі осындай сары контейнерлердің арқасында көрсеткіш 40+45 пайызға жетуі мүмкін. Алдағы уақытта бұл контейнелерге тұрғындар: пластик, металл, шыны, қағаз және шағын техника тастауға мүмкін болады.  Және осындай контейнерлер алдағы уақытта 6 мыңы қала бойынша қойылады.

Астана халқы жылына 300 мың тонна қоқыс шығарады. Бірақ, құрғағы мен дымқылын, қатқылы мен жұмсағын іріктемейді. Бұдан былай, қала тұрғындарының өздері арнайы қойылған "сары контейнерге" қоқысты сұрыптап тастаулары керек.

«Жыл соңына дейін қалада кезең-кезеңімен осы сары контейнерлерді қоямыз. Арнайы автокөліктер шығарылады сары түсті контейнерлерді тасымалдайтын. 25 су жаңа автокөлік болады. Бұл бағытта 1 миллиард 700 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінді»,-деді өндірушілердің кеңейтілген міндеттемесі операторының өкілі Жомарт РАҚЫМЖАН. 

Астана маңындағы қоқысты қайта өңдейтін зауыт бұған дейін келіп түсетін қалдықтың тек 10 пайызын қайтара кәдеге жаратуға қауқарлы еді. Ал жылына бұл жерге 8 мың тонна қоқыс әкелінеді. Толған пластикалық шөлмектер, целлофанды пакеттер мен шағын техника полигонды толтыруға сәл-ақ қалған еді. Ал енді осы сұрыптау контейнерлері арқасында мәселенің шешілетін түбі бар. Жұмыс тез жүріп, 2019 жылы қайта өңдеуді 80 пайызға дейін жеткіземіз дейді мамандар.

«Біз қалдықпен аламызда, шикізат өндіреміз. Сол шикізаттан біз өзіміз өндірмейміз. Одан ештеңе құймаймыз. Бізде технология қарастырылмаған. Біз сол түрінде, шикізат ретінде мамандандырылған кәсіпорындарға жібереміз. Одан әрі қарай пластикалық бутылка жасайды. Бірақ уже тамақ үшін емес. Жай басқа өндірістік басқа мақсатпен платикалық өнімдер жасайды»,-деді Астана қаласының қоқыс өңдеу заутының инженер-экологы Қаламқас ҚҰЛЫБАЕВА.

Жыл соңына дейін Астанада сары қоқыс жәшігінің саны алты мыңнан асады. Егер, тұрғындар өз тараптарынан сұрыптауға ат салысса, қала экологиясын жақсартуға мүмкіндік мол,-деді экологтар.

Нұржан Садырбай, Алматы телеарнасы.