Шымкентте әл-Фараби аудандық ІІБ есігінің алдына белгісіз біреулер бала тастап кеткен, деп хабарлады tengrinews.kz ақпараттық порталы Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Тастанды бала шамамен екі жаста. Баланың полиция маңына қалай келгенін ешкім көрмеген. Баланың денсаулығын тексеру үшін ол жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Баламен бірге емдеу мекемесіне кәмелетке толмағандардың ісі бойынша инспекцияның қызметкері барды. Қазіргі таңда баланың ата-анасының кім екені анықталып жатыр.