«Эйр Астана» әуекомпаниясына қатысты тергеу ісі бір айға дейін созылуы мүмкін

«Эйр Астана» әуекомпаниясына қатысты тергеу ісі  бір айға дейін созылуы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Эйр Астана» әуекомпаниясына қатысты тергеу ісі  бір айға дейін созылуы мүмкін. Орын алған олқылықтардың себеп-салдарын анықтау жұмысын  Азаматтық авиация  комитеті жанынан құрылған комиссия жүргізеді. Алматы-Атырау бағытында ұшқан боингтен тағы шикілік шыққан еді. Тергеу бұдан бөлек тағы апатты жағдайда қонған екі оқиғаға да қатысты жүргізіліп жатыр. 3 наурыз күні  Алматыдан Оралға ұшып шыққан КС-881 әуле лайнерінен  ақау табылған. Ұшақ қозғалтқышының ауа тарату жүйесі істен шыққандықтан лайнер Ақтөбеге шұғыл түрде қонған болатын.  Арада екі күн өткенде «Эйр Астана» әуе компаниясының жолаушылар ұшағы  Алматы әуежайына бір қозғалтқышы ажырап қалған күйде қонған еді. Сол жақ қозғалтқышы істен шыққан  «Боинг-757» ұшағының бортында  сол кезде 69 жолаушы мен сегіз экипаж мүшесі болған.


Новости партнеров