Алматыдағы Орталық мешітте қайырымдылық төлемдерін қабылдайтын терминал орнатылды

22.05.2017 06:06

Алматыдағы Орталық мешітке келушілер өздерінің қайырымдылық төлемдерін электронды терминал арқылы бере алады. Бұл жаңалықтың басты мақсаты - түсетін қаржылардың ашықтығын қамтамасыз ету. Орталық мешіттің Бас имамы Нұрбек Есмағанбет бұл технологияның пилотты режимде қолданылатынын айтты. Бұрыннан қалыптасқан әдіс те қолжетімді, мешітке келген кез келген жан қайырымдылық төлемдерін ашық жәшікке сала алады. Ай сайынғы жиналған қаржының жалпы сомасы мешіттің сайтында жарияланып отырады.

«Елбасы бес институционалды реформаны жүзеге асыру барысында мемлекеттік орындар, бәрі ашық болу керек. Керемет мүмкіндік, бәрі электрондық жүйеде. Атвомат бар. Ол да халыққа қызмет көрсетудің мүмкіндігі. Өздері келеді, көреді. Жалпы қалада елбасының тапсырмасымен ауруханалар, мектептер, бақшалары өздерінің қаржылық есептерін жариялап, қалалықтар сеніміне ие болуда, міне, енді Алматы мешіті де алғашқылардың бірі болып осы жолмен жүре бастады», - деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.