Алматыда туберкулез дерті студенттер арасында кең таралған

23.02.2018 23:16

Алматыда туберкулез дерті өршіп тұр. Ресми деректерге сүйенсек, өткен жылы 653 адам осы кеселді жұқтырған. Бұл 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4 пайызға төмен. Дегенмен, өкпе құрты қалада жиі кездесетін сырқаттардың арасында екінші орында тұр. Әсіресе, студенттер арасында кең таралған. Былтыр 57 тәлімгер туберкулезге шалдыққан. Оның басым бөлігі оқу орындарының жатақханасында тұрады. Дертті жұқтырған студенттердің 33 пайызы дәрігерге ауру асқынғанда жүгінген.

«Көп университеттер жобасына қарамай, оқу орнындағы орынға қарамастан, көп студенттер алады. Желдеткіш дұрыс жұмыс істемейді. Керекті дез. режим, тазарту, ауаны тазарту уақытылы өткізілмейді. Өйткені студенттер көп. Қыздар педагогикалық университеті 2 мың студентке шақталған оқу корпусында 6300 студент оқиды», - деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат МОЛДАҒАСЫМОВА.

Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мамандарының сөзінше, студенттер арасында дерттің дендеуіне профилактикалық тексерудің дұрыс жүргізілмеуі себеп. Олардың денсаулығы үнемі бақылауда болуы тиіс. Осы жылы өкпе құрты 8 тәлімгерде тіркелген. Оның екеуінде туберкулездің ашық формасымен ауырғаны анықталыпты.