Оңтүстік Қазақстанда мұзда ойнап, суға батқан баланың мәйіті іздестіріліп жатыр. Шәуілдір ауылының 7 жасар тұрғыны Мирас Өркенұлынан отбасы қапыда айырылып қалды. Бүлдіршін қаңтардың 31-інде досымен бірге Арыс өзенінің бойына сырғанақ ойнауға барған. Алайда, мұз дұрыс қатпай 1-ші сынып оқушысы суға құлап кеткен. Ал жанындағы серігі аман қалыпты. Ол болған оқиғаны ауылдастарына айтып, шұғыл көмек шақырған. Бірақ содан бері Мирасты табу мүмкін болмаған. Қазір құтқарушылар өзенді мұз құрсауынан аршып, баланың мәйітін іздестіріп жатыр.
«Арыс өзенінде баланы іздестіру қиын болып жатыр. Мұз қалың, 15-20 см. Өзеннің ағысы да шапшаң. Бүгін біз құтқарушылар командасын алмастырдық. Шымкенттен жеті маман келді. Олар іздестіруді жалғастырады», - деді ОҚО ТЖД судан құтқару отрядының командирі Орынбасар ТӨРТБАЕВ.