Алматыда әйелдер арасында жекпе-жек өтеді

27.12.2017 22:22

Алдағы демалыста алматылықтарды тағы бір үлкен спорт кеші күтіп тұр. 30 желтоқсан күні кәсіпқой бокста әйелдер арасында елімізден шыққан тұңғыш чемпион Фируза Шарипова Белгиялық Джемилла Гонтарюкке қарсы "Жекпе жекке" шығады. Екі боксшы ibo тұжырымы, яғни халықаралық бокс қауымдастығының белбеуіне таласады. Жерлесіміз, өз еншісіндегі wiba тұжырымы, яғни әйелдер боксының қауымдастығы және wbu бүкіләлемдік бокс одағының жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғамақ. Бұған дейінгі баспасөз беттеріндегі белгиялық боксшы бойжеткен Қазақстандық Шарипованы менсінбейтінін, өзіне лайықты қарсылас деп санамайтынын жеткізген еді. Сонымен қатар, осы кеште 15 жұп жұдырықтасса, жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы әли ахмедов те өзінің чемпиондық белбеуін қорғамақ. 

«Қарсыласқа қарсы жоспарды жаттықтырушыларымызбен бірге құрдық. Барлығын 30 желтоқсанда көресіздер. Бокс кешінің қызықты, әрі тартысты болатынына уәде берем»,-деді WIBA ЖӘНЕ WBU белбеуінің иегері, Фируза ШАРИПОВА.