Елімізде 400-ден астам терроризм бабы бойынша сотталған азаматтар жазасын өтеуде

09.12.2016 17:29


Еліміздегі 67 түзету колониясында 400-ден астам терроризм және діни экстремизм бабы бойынша сотталған азаматтар жазасын өтеп жатыр. Ал, осы  өзге ағымның жетегінде кеткен бұл азаматтарға дұрыс нұсқау беруді имамдар  толыққанды жүргізіп отырған жоқ. Алматыда имамдардың бір жылдық есебін тыңдаған Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлы осылай деді. Діни басқарманың жанынан түрмедегі азаматтарға жол көрсетіп,  жөн сілтеу үшін жұмыс істейтін арнайы бөлім де ашылған. Осы бөлімнің әр облыста жауапты өкілдері де  тағайындалған. Бірақ түзету мекемесіндегі азаматтарға  тыйым салынған кітаптар да кіріп кетеді екен. Жиын барысында  барлық облыстан келген бас имамдардан жат ағыммен жұмыс жасау, халал стандарттау, оқу-ағарту, пәтуа сынды тақырыптарда есеп алынды.


«Қазақстанда 400-ден астам адам отырса түрмелерде, олардың бүгінде 180 бағытынан қайтты. Оның ішінде 80 өзіміздің дәстүрлі дінге бет бұрды. Бұл имамдардың тұрақты жүргізген жұмысы.2017 жылы қандай  жұмыстар жасалу керек. Олда бекітілді», - деді ҚР Бас мүфтиі  Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ.