Жақып Асанов еліміздің жоғарғы сот органының кезекті отырысын өткізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов еліміздің жоғарғы сот органының кезекті жалпы отырысын өткізді. Жиынға Жоғарғы Сот судьялары, ғылыми-консультативтік кеңес мүшелері, Конституциялық Кеңестің, Бас прокуратураның, әділет және ішкі істер министрліктерінің, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП, «GRATA» және «KazBar» заңгерлер қауымдастықтарының өкілдері қатысты. Олар Жоғарғы Соттың «Сот шешімі туралы» Нормативтік қаулысына (НҚ) өзгерістер мен толықтыруларды талқылады.
Сонымен қатар, Жоғарғы Сот жүргізіп жатқан «Сапалы нәтиже» жобасы аясында бірінші сатыдағы соттардың 300 шешімінің әрбір үшеуі ұсынылған талаптарға не нысаны бойынша, не мазмұны бойынша сәйкес келмейтінін көрсетті. Сондай-ақ, сот актілері түсініксіз, іс үшін маңызы жоқ артық ақпараттардың көптігі және дауға қатысы жоқ заңның қайталаулары көп екендігін тілге тиек етті. Жалпы отырыстың жұмысы онлайн режимде өткізілді.

Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026 18:25
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30