|
11.09.2018 | 13:16
1662

Өскемендегі Денсаулық фестивалінде АИТВ жұқтырған екі адам анықталды

Өскемендегі Денсаулық фестивалінде АИТВ жұқтырған екі адам анықталды

Өскеменде дәл Қала күні қарсаңында екі адамның АИТВ жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Altaynews.

Орталық алаңда өткен мерекелік концерт, жәрмеңкемен қатар, дәрігерлер «Сау денсаулық» атты іс-шара өткізген. Шарада кез келген адам бойын, салмағын өлшетіп, қандағы холестерин мөлшерін анықтауға мүмкіндік алған. Сондай-ақ АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) мен ЖИТС-қа (жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы) қатысты тестілеуден де өтіп, тегін қызметтерге жүгінген.

«Біз отыз адамды қарадық. Соның ішінде, екі адамнан АИТВ белгілері байқалды. Бірі – жас жігіт, екіншісі қыз бала», – дейді облыстық ЖИТС орталығы қызметкері Наталья Селезнева.

Маманның айтысынша, қыз бала қызық үшін тексерістен өтіпті. Күліп жүріп қаралып шыққан да, жүре берген. Арада 12 минут өткен соң нәтижесін білуге келеді…

«Ол өзінде АИТВ белгісі байқалғанын естігенде қатты састы. Басында сенбеді. Сосын қайтадан қан тапсырғысы келетінін айтты. Біз орталыққа келіп, бастан-аяқ тексерістен өтуді ұсындық», – дейді дәрігер.

Сонымен, аталған екі адам да орталыққа барып, тексерістен өтетін болды.

«Адамдар өзіне жөнді қарамағаннан, аталмыш ауруды жұқтырып алып жатады. Дер кезінде қаралмаса, айналаға мол зиян келтіреді», – дейді дәрігер.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир