Алматыда 7 жасар қызды қағып, мерт қылған жүргізуші өз кінәсін мойындады

Алматыда 7 жасар қызды қағып, мерт қылған жүргізуші өз кінәсін мойындады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

7 жасар қызды қағып, мерт қылған жүргізуші  үш күнге қамалды. 44 жастағы қашқынның тағы қанша уақытқа тұтқындалуын ертең сот шешеді. Алғабас ауылындағы № 185 мектептің оқушысын туыстары жерледі. Қашса да бір күннен соң қолға түскен Кеңшілік Қаниев қызды қалай қағып кеткенін көрсетіп, түсініктеме берді. Айтуынша, оқушы жолға шығып кектен. Бірақ, мектептің жанында жылдамдықты  төмендету керек деген белгіні ескермеген. Ал, ес тоқтатқан, ересек адам болса да, көмек көрсетпей оқиға орнынан ізін суытқан әрекетін қатты қорқып қалғанымен түсіндіріп отыр.

«Бажамның үйіне бара жатқам. Сонда әйел қызымен жолдың бойынан өтті. Алдымен әйел өтті, сосын қызға тоқта деп еді ол жүгіріп шықты, айнаға соғылды»,- деді Күдікті, Кеңшілік ҚАНИЕВ. 

Күдікті екінші рет жол апатына түсіп, өзі соғылған машинаның иесіне зардап шегушілерді ауруханаға апар деген. Өзге көліктегі жүргізуші оқушыны анасымен бірге ауруханаға апарыпты. Бірақ, қатты соққы алған бүлдіршін ауруханаға жетпей көз жұмған секілді. Қазір күдіктіні полицейлер үш күнге қамады. Ал оның ары қарай қамауда ұстау процесін сот шешеді. Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабы бойынша айыпталған, әрі өзі бұған дейін де ұрлық істеп сотталған азамат он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Ол менің машинама соғылды. Менде қорқып қалдым. Қызды көлігіме отырғызып ауруханаға апардым. 15 минуттан соң дәрігерлер баланың қайтыс болып кеткенін айтты.  Мен полицияға оқиғаның  қалай болғанын айтып бердім. Қыз ауруханаға жетпей қайтыс болып кеткен секілді»,- деді Алматы қаласының тұрғыны, Теипжан УШУРОВ.

Новости партнеров