Владимир облысында орын алған жол апаты туралы жаңа деректер шықты

10.10.2017 в 23:31

Ресейдің Владимирск облысында орын алған жол апаты туралы жаңа деректер пайда болды. Автобус пен пойыз соқтығысқан уақытта көлікте тағы бір қазақстандық жүргізуші болған. Оңтүстік қазақстан облысының тумасы Нарбаев кондуктор қызметін атқарған. Ол, оқиғадан жеңіл жарақат алған, қазір ауруханадан шығыпты. Ал қаза тапқан жүргізушінің денесі 11-ші қазанда шымкентке жеткізілмек.

¤«Жергілікті құқық қорғау орнының мәліметінше, Нарбаев уақытша ұсталған. З аңсыз көші-қон ісі бойынша куәгер ретінде алынды. Нұрғали Сарманов ауыр жарақат алмаған. Қазақстандық дипломаттардың көмегіне мұқтаж емес. Жол апаты ісі бойынша ол да куәгер ретінде шақырылған. Сол себепті емін еркін қозғала алады. Бірақ істегі жағдайына байланысты Ресейде әлі бірнеше күн болады», - деді ҚР СІМ ресми өкілі Әнуар ЖАЙНАҚОВ.¤

Есте болса, 6-шы қазан күні Ресейдің Вадимирск облысында қазақстандық автобус Санкт-Петербургтен нижний Новгородқа бет алған пойызбен соқтығысқан еді. Нәтижесінде 17 адам қаза тапты. Көлікті тізгіндеген жүргізуші де оқиға орнында жан тапсырды. Покров қаласы әкімдігінің ақпарынша, автобус жолаушылары Өзбекстандық еңбек мигранттары болған.