Елордада рұқсатсыз жүрген «таксистерге» құзырлылардың тісі батпай отыр

Елордада рұқсатсыз жүрген «таксистерге» құзырлылардың тісі батпай отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елордада заңсыз немесе рұқсатсыз жүрген «таксистерге» құзырлылардың тісі батпай отыр. Ресми бағыттарға қатынас құралы бар болса да, жолаушылардың көбі жекелеген көліктермен жүргенді жөн көреді. Өйткені, бағасы қалтаны қақпайды.


Көлік прокуратурасының мәліметінше, өткен жылдан бері 49 заңсыз тасымалдаушы жауапкершілікке тартылса, талапты орындамаған 416 тасымалдаушы анықталған. «Сапаржай» вокзалында заңсыз тасымалдаушыларды анықтау жұмысы жиі жүргізілгенімен, бұл еш нәтиже берер емес.


«Олар біздің күнделікті бағыттарымыздың алдын 15-20 минутқа орап кетеді. Яғни жолаушыларымызды алып кетеді. Ол жерде жүргізушілерге белгі беріп отыратын өз адамдары бар екені жасырын емес», - деді «Сапаржай» ЖШС директорының орынбасары Марат НҰРМАҒАМБЕТОВ.


Новости партнеров