Алматылық полицейлер әккі алаяқтардың арбауына түскен тұрғындарды іздестіруде
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматылық полицейлер әккі алаяқтардың арбауына түскен тұрғындарды іздестіріп жатыр. Тәртіп сақшылары қос күдіктіні қолға түсіріп, оларға тергеу тағайындаған. Алғашқысы - Замзариева есімді әйел жалға алған пәтерін өзгелерге өткізіп, табыс тауып келген екен. Қазірдің өзінде бұл күдіктінің үстінен 12 адам арызданыпты. Полицейлер жәбірленушілердің саны бұдан да көп болуы мүмкін дейді. Екінші күдікті - Сагунов есімді азамат. Ол жолаушыларға арзан әуе билеттерін ұсынып, кейін ақшаларын алған соң, із суытып отырған. Әзірге оның 10 адамды тақырға отырғызғаны белгілі болды. Полицейлер қос күдіктіден опық жеген тұрғындар болса, құзырлы орындарға хабарласуларын сұрайды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41