Елімізің прокуратурасының құқықтық актілер жүйесіне өзгертулер енгізілді. Енді кез келген азамат сот шешімімен келіспеген жағдайда ғана істі қадағалауды прокуратура өз қолына алады. Қалалық прокуратура қызметкерлерімен кездескен мәжіліс депутаты Анар Жайылғанова «Прокуратура туралы» Заңдағы өзгерістерді түсіндірді. Жаңа заңда аталған ведомствоның өкілеттіліктері, құқықтары қаралған. Сондай-ақ тексерістің негіздері қысқартылған әрі прокурорлардың қадағалау актілерінен «алдын ала ескерту» және «ұйғарым» қызметі алынып тасталды.
«Бұрын прокуратура жалпы қадағалау ретінде кез келген мекемені тексере беретін құқығы болды ғой. Қазір тек қана сигнал түскеннің өзінде алдымен әрбір қадағалау функциясы бар мемлекеттік орган өзі тексеру керек. Егер де онымен қандай» да бір тұлға сонымен келіспей жатқанда ғана прокуратура кіріседі. Бас салып бұрынғыдай барлық нәрсеге бас сұға беру ондай болмайды»,- деді Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты, Анар ЖАЙЫЛҒАНОВА.