Бүгін Алматының Әуезов, Жетісу мен Түрксіб аудандарында балаларға арналған Жаңа жылдық мерекелік шара өтті. Жылдағыдай басты назар биылда жетім, аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балғындарға аударылып отыр. Үш ауданда да балақайларға тәтті сыйлықтар тарту етілді. Ал, қаланың кішкентай тұрғындарын театр актерлері шытырман оқиғаға құрылған қойылымдарымен қуантты. Жалпы балақайлардың саны көп болғандықтан, аудандарда мерекелік шара бірнеше реттен ұйымдастырылатын болады.