Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалының автотұрағында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жеңіл көлік шыны қабырғаны жарып ғимарат паркингінен шығып кеткен.
Оқыс оқиғаның видеосы желіде жарияланған. Астана Ішкі істер департаменті осы оқиғаның болғанын растады.
«12 тамыз күні сағат 19:40 шамасында «Нұрлы жол» теміржол вокзалының автотұрағында көлік жүргізушісі рөлді басқара алмай, тосқауылды (паркинг витринасы мен эскалаторлар) бұзып өткен», – делінген хабарламада.
Осы дерек бойынша әкімшілік іс қозғалды. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Жүргізушінің машинасы коммуналдық айыппұл тұрағына қойылды.