Қазақстанның Қарулы күштері дабыл бойынша батысқа бағыт алды

Қазақстанның Қарулы күштері дабыл бойынша батысқа бағыт алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен Қорғаныс күштерінің әскери бөлімдері мен құрамалары дабыл бойынша оқу-жаттығу жұмыстарына кірісті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 

Селекторлық режимде өткен жиналыс барысында «Шығыс», «Оңтүстік» және десанттық-штурм әскерилеріне Қазақстанның батыс бөлігіне қайта жасақталып бару тапсырмасы берілді.
Әскерилер аталған аймаққа өз жолымен, теміржол транспортымен және әскери-транспорттық авиациямен баруға болады. «Батыс» әскери қолбасшыларына келіп жеткен «Шығыс», «Оңтүстік» және десенттық-штурм әскерилерін қарсы алып, оларды оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілетін алаңға апару міндеті жүктелді. Майдан алаңында болатын және шабуылдаушы авиация аэродромға, ал әскери авиация алаңдардағы вертодромдарға қарай бағыт алады.

Әскери-теңіз күштері тобы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери кеме және катерлерімен толықты. Сондай-ақ, әскери бөлімшелердің көмегімен шекара маңындағы жекелеген сақшылар жасағы көбейді.

«Батыс-2018» штабтық-командалық жаттығулардың стратегиясымен Қорғаныс министрлігінің бірінші орынбасары Мұрат Майкеев айналысады. Осы оқу-жаттығу жұмыстарына жалпы жаяу және әуе әскерлері, әскери-теңіз, арнайы операциялар күштері мен жасақтар, материалдық-техникалық қолдау білдіретін бөлімшелер, ҰҚК шекара қызметі, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті және Ұлттық гвардия әскерилері жұмылдырылды. Олардың жалпы саны — 5000 сарбаз. Сондай-ақ, олар штаттық қару-жарақпен және әскери техникалармен жабдықталған.

Новости партнеров