Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен Қорғаныс күштерінің әскери бөлімдері мен құрамалары дабыл бойынша оқу-жаттығу жұмыстарына кірісті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Селекторлық
режимде өткен жиналыс барысында «Шығыс», «Оңтүстік» және десанттық-штурм әскерилеріне Қазақстанның батыс бөлігіне
қайта жасақталып бару тапсырмасы берілді.
Әскерилер аталған аймаққа өз
жолымен, теміржол транспортымен және әскери-транспорттық авиациямен баруға болады. «Батыс» әскери қолбасшыларына келіп жеткен «Шығыс», «Оңтүстік» және
десенттық-штурм әскерилерін қарсы алып, оларды оқу-жаттығу жұмыстары
жүргізілетін алаңға апару міндеті жүктелді. Майдан алаңында болатын және
шабуылдаушы авиация аэродромға, ал әскери авиация алаңдардағы вертодромдарға
қарай бағыт алады.
Әскери-теңіз күштері тобы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери кеме және катерлерімен толықты. Сондай-ақ, әскери бөлімшелердің көмегімен шекара маңындағы жекелеген сақшылар жасағы көбейді.
«Батыс-2018» штабтық-командалық жаттығулардың стратегиясымен Қорғаныс министрлігінің бірінші орынбасары Мұрат Майкеев айналысады. Осы оқу-жаттығу жұмыстарына жалпы жаяу және әуе әскерлері, әскери-теңіз, арнайы операциялар күштері мен жасақтар, материалдық-техникалық қолдау білдіретін бөлімшелер, ҰҚК шекара қызметі, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті және Ұлттық гвардия әскерилері жұмылдырылды. Олардың жалпы саны — 5000 сарбаз. Сондай-ақ, олар штаттық қару-жарақпен және әскери техникалармен жабдықталған.