Алматы қаласының колледждерінде балалар үйінің түлектері тегін білім алмақ

Алматы қаласының колледждерінде балалар үйінің түлектері тегін білім алмақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру жобасы әсіресе, балалар үйінің түлектері мен аз қамтылған отбасы балаларына қажет. Елімізде 29 жасқа дейінгі жастар биылдан бастап техникалық мамандықпен қамтылатын болды.  Елбасының халыққа Жолдауында нақты көрсетілген жоспарға сәйкес, 5 жылдық кәсіптік білім беру жүйесінде экономикадағы жаңа өндірістер үшін мамандар дайындау керек. Жолдауда одан өзге қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажеттілігі айқын көрсетілген.


«Жылма-жыл біз 350 баланы тегін білім алуға өзімізге қабылдаймыз, балалардың маман болып шығуына жағдай жасаймыз. Қазір колледжімізде 800-ден астам бала білім алып жатса, биылғы жылғы елбасының Жолдауына байланысты біз қосымша тағы балаларды оқу орнымызға білім алушы ретінде қабылдайтын мүмкіндігіміз ашылайын деп отыр. Тегін жұмысшы мамандықтарын тәрбиелеу», - деді Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінің директоры Алмасбек НҰҒМАНОВ.


«Жұмыс біліктілігін тегін беру деген ол өте жақсы, біздің жастарға өте қолайлы. Жұмыс біліктілігін игеріп алғаннан кейін ол өзі кәсіп ашуға мүмкіндігі бар. Жұмыс істеу барысында сырттай жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндігі бар. Өйткені ол ең бірінші мамандығын игеріп алып, өз-өзіне материалдық жағынан жақсы қамтуға мүмкіндігі бар деп есептеймін», - деді Алматы автомеханика колледжінің директоры Темірбек ӘНУӘРБЕКҰЛЫ.


Елбасының биылғы халыққа жолдауында басты басымдық берілген тармақтың бірі - ол білім саласы. «Жастардың сандық технологияны меңгеруі мен қаржылық сауаттылығы қатар дамуы шарт», - делінген құжатта. 2019 жылдың 1 қыркүйегінен елімізде 12 жылдық білім беру жүйесі енгізіледі.


Новости партнеров