Бүгін Азия ойындарында велоспорттан топтық жарыс аяқталып, қазақстандық Алексей Луценко чемпион атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
150 шақырымға созылған жарыс аса тартысты өтті. Әсіресе, мәреге жақындаған тұста медальға үміткер бес спортшы барын салды.
Алексей Луценко екі жапондық және екі таиландтық велоспортшының көрсеткен қысымына қарамастан, мәре сызығын бірінші болып кесті. Луценконың уақыт көрсеткіші – 3:25:25.
Күміс жүлде жапондықтың, қола жүлде Таиланд спортшысының еншісіне тиді.
Велоспортшы Қазақстан қоржынына Азия ойындарындағы екінші алтын медальді салып отыр.
ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі