Анасы дәретхана шелегіне тастап кеткен шақалақ аман қалды – Қостанай
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қостанай облысында 27 жастағы қыз аурухананың дәретханасында босанып қалып, шақалақты шелекке лақтырып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық аурухананың бас дәрігері Юрий Моисеевке сілтеме жасап.
Оқиға Затобол ауданында болған. 27 жастағы қыз іші ауырып, емханаға жеткізілген. Ол аяғы ауыр екенін жасырғысы келіп, дәретханада босанған.
«Затобол селосының ауруханасына түскен қыз нәрестесін дәретхананың шелегіне лақтырып кеткен. Дәрігерлер дер кезінде сәбидің өмірін аман сақтап қалды. Қазір оның жағдайы бір қалыпты. Анасы өз нәрестесінен бас тартты», – деді Ю.Моисеев.
Облыстық ІІД баспасөз қызметі аталған факт туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
06.11.2026 08:10
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
06.11.2026 10:34