"Жас толқын — 2018" байқауы кезінде қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің микрофоны қосылмай қалды. Десе де отандасымыз еш мүдірместен әнін айтуды жалғастыра берді, деп хабарлайды Sputnik.
Сочи қаласында өткен "Новая волна-2018" байқауының жабылу салтанатында Димаш Құдайберген Adagio әнін орындады. Алайда әнші сахна төріне шыққаннан кейін 20 секундтай микрофон істемей тұрды.
Десе де, отандасымыз техникалық ақауға еш мән берместен әнін айтуды жалғастыра берді. Кейін техникалық ақау реттеліп, микрофоны да қосылды.
Ән аяқталған соң фанаттары Димаш Құдайбергенді гүл астында қалдырды. Көпшілік оны суретке түсіріп үлгеріп жатты.