|
13.06.2018 | 22:43
3994

Ә.Қастеев атындағы мұражайда Кристиан Диордың атақты модельге арналған портретіне көрме ашылды

 Ә.Қастеев атындағы мұражайда Кристиан Диордың атақты модельге арналған портретіне көрме ашылды

Кристиан Диордың музасы болған қазақ қызы. Алматыда аты аңызға айналған модель- Алла Ильчунге арналып жеке көрме ашылды. Оның портретін елімізге жеке коллекционер алғаш рет әкеліп отыр. Еуропаның сән әлемін бағындырған отандасымыздың бейнесін Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінен көруге болады.

Бұл көрменің Алматы мәдени өмірі үшін алар орны ерекше. Сондықтан да болар ашылу салтанатына келген халықтың қарасы қалың. Мұндай туындылар әдетте тек жеке коллекцияда сақталады. Алла Ильчун портретінің авторы Леон Цейтлин 50 жылдардың ортасында қағаз бетіне түсірген. Осы уақытқа дейін құнды туындының иесі кім болғаны белгісіз. Еңбекті бір апта бұрын Париждегі салондардың бірінде коллекционер Берлин Иришев көріп қалып сатып алған. Міне 7 күннен соң портрет Алматыда көпшілік назарына ұсынылып отыр.

«Алла Ильчун бейнесінің елімізге әкелінуі кездейсоқ емес. Себебі оның әкесі қазақ, ал анасы орыс ұлтынан болған. Аралас некеден туылған қыздың генетикасы мен биологиясы өз әсерін тигізді. Осылайша қайталанбас модель дүниеге келген. Алла Ильчун Кристиан Диор сән үйінде 20 жыл бойы жұмыс істеген»,-деді коллекционер Берлин ИРИШЕВ.

Ильчундер отбасы революциялық толқындардың әсерінен Парижге қоныс аударған. Диордың музасы сол жақта өмірге келген. Танымал француз модельерімен кездесу кездейсоқ болған. Асханада жай ғана ыдыс жуушы болып жүрген бойжеткен құрбысымен Диордың кастингіне барған. Сұлулығымен жеңімпаз атанып, осылайша модельдік карьерасы басталып кеткен.

«Голливуд жұлдыздары, шейх жұбайлары, ханшайымдар сән көрсетілімі аяқтала салысымен, таныстырылған киімдердің көшірмесіне тапсырыс берген. Ол тек муза ғана емес, сəнді əрі талғаммен киіну, əдемі бояну туралы Еуропаның сұлуларына кеңес беруден жалықпаған»,-деді Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің директоры Гүлмира ШАЛАБАЕВА.  

Қыпша белді қыздың мықымы небәрі 47 сантиметрді құраған. Алла Ильчунға Париждің барша бөріктілері еліктеген. Алла Ильчун соңғы жылдары суретшілерге түсіруге рұқсат бермеген. Оны картинадағы қалпында есте сақтауын қалапты. Еуропаның сән әлемін бағындырған қазақ қызына арналған көрмені 1 ай бойы тамашалауға болады.

Перизат Көмекбайқызы, Алтыншаш Смағұлова, Влад Шишко, «Алматы» телеарнасы.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир