Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданына қарасты Бұғаз ауылында шыққан өрттен бір адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Түн ортасында Бұғаз ауылының С.Сейфуллин көшесінде орналасқан үйлердің бірінен өрт шыққан. Үйдің кіреберістегі бөлмесінен шыққан өрт ас үйдегі газ баллонына жетіп, алапат жарылыс болған.
Абырой болғанда, үйдегі әйел үш баласын сыртқа шығарып үлгереді.
«Өрт сөндірушілер жеткен кезде ағаштан салынған үйдің көп бөлігін жалын шалған еді. Құтқарушылар өрттің арасынан тағы бір газ баллоны мен 25 жастағы жігіттің денесін алып шықты. Мамандар қызыл жалынмен 3 сағат бойы арпалысты», – делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Өрт 90 шаршы метр аумақты қамтыған. Бастапқы болжам бойынша жалынның шығуына салғырттық себеп болды деп айтылуда.