|
25.08.2018 | 14:18
2108

WhatsApp хабарлама жіберу үшін ақы алатын болды

WhatsApp хабарлама жіберу үшін ақы алатын болды

WhatsApp хабарлама жіберу үшін ақы алатын болды, деп хабарлайды Рамблер.

Жаңа қызметтің көмегімен коммерциялық ұйымдардың жіберілімдерін реттеп отыру жоспарланған.  

Танымал мессенджер WhatsApp жақын уақытта ақылы хабарлама міндетін енгізетін болды. Бұл ақпарат қосымшаны әзірлеушілердің ресми блогынан алынған. Олар бұл жаңа міндеттің тек жарнамалық және сервистік хабарламаларға ғана қатысты болатынын атап өтеді.

Қосымша әзірлеушілері осылайша, түрлі компаниялар жіберуі мүмкін спам-хабарламаларға және оларды жаппай таратуды барынша азайтуға ықпал етуді жөн көрген.  

«Кейбір хабарламаларды тарату қызметтері компаниялар үшін ақылы болмақ, сонда олар қандай хабарлама жіберу керек екенін ұзақ ойланып, дұрыс таңдау жасайтын болады әрі сіздің чатыңызға жарнамалық хабарламалар жөнсіз келе бермейтін болады», – дейді қосымша әзірлеушілері.

Компания өкілдері хабарламалардың кейбіреуінің ақылы болуы мүмкін екенін былтыр хабарлаған еді. Олар қажетсіз ақпарат түскен немесе таратыла бастаған жағдайда, пайдаланушы кез келген өзге пайдаланушыны «тиісті нүктені басу» арқылы блоктап тастай алатынын да айтты.

Сурет / Рамблер



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир