Алматыда «Дарындылар жәрмеңкесі» ұйымдастырылды

27.10.2017 21:48

Алматыда жоғары оқу орнын енді бітірген ең талантты жас мамандар таңдалды. «Алғашқы жұмыс орныңды тап» деген айдармен өткен жобада жүзден астам жас маман үздік деп танылып, оларға арнайы сертификат тапсырылды. Мұндай құжат түлек туралы жұмыс беруші компания алдында оң пікір қалдыруға көмектеседі. Яғни жас маманның тез арада жұмысқа орналасуына септеседі. Бұдан бөлек, шара аясында «Дарындылар жәрмеңкесі» ұйымдастырылып, жұмыс іздеуші жастарға 40 компания өз бос жұмыс орындарын ұсынды.

«Біз студенттердің бойынан жұмыс берушілерге қажетті қасиеттерді табуға басымдық бердік. Ешқандай тәжірибесі жоқ жас маманның көзінен от, белсенділік, өзіне деген сенімділік пен жігер, көзқарасы болуына аса мән бердік. Бұл жолы байқауға 2099 студент қатысып, оның 112-сі жеңімпаз болып танылды»,- деді «Дарындылар жәрмеңкесі» жобасының ұйымдастырушысы, Олег ПАРАХИН.