Жыл басынан бері азаматтарға дөрекі сөйлеген 65 мемлекеттік қызметкер жазаланды

23.12.2016 16:12

Жыл басынан бері азаматтарға дөрекі сөйлеп әрі міндетін білмеген 65 мемлекеттік қызметкер жазаланған. Дегенмен, олардың 3 пайызы ғана заң бойынша жауапкершілікке тартылған.  Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметі бойынша, олардың басшылары заң бұзушылыққа атүсті қараған. Нәтижесінде, қызметкерлер ескертпе, сөгіс алумен шектелген екен. Бірақ жаңа жылдан кейін тәртіп қатаңдатылмақ. 2017-ші жылдың қаңтар айынан бастап, «Б» корпусына жататын мемлекеттік қызметкерлерді жоспардан тыс аттестация күтіп тұр. Осы тексеріс арқылы мамандардың жұмысқа деген қабілеті анықталатын болады.

«Мемлекеттік қызметкердің істеген әрбір жұмысы 5 балдық жүйе бойынша бағаланады. Ал, ережені бұзғаны, айыппұл санкциялары мен еңбек және орындау тәртібін бұзғаны үшін сол балдан алынады», - деді  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Айгүл БАЙХАНОВА.