Бір бағыттағы көше не үшін керек?

Бір бағыттағы көше не үшін керек?
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қозғалысты тиімді етудің басты шешімі – бір бағыттағы тәртіп.
Алматы қаласын абаттандыру шеңберінде 2018 жылы 8 көшені бір бағытқа көшіру туралы шешім қабылданды.
Батыс:
— Мақатаев көшесі: Қалдаяқов көшесінен Мұқанов көшесіне дейін 
— Бөгенбай батыр көшесі: Қалдаяқов көшесінен Масанчи көшесіне дейін  
— Қарасай батыр көшесі: Масанчи көшесінен Розыбакиев көшесіне дейін
Шығыс:
— Гоголь көшесі: Әуезов көшесінен Қалдаяқов көшесіне дейін
— Қабанбай батыр көшесі: Масанчи көшесінен Қалдаяқов көшесіне дейін
— Жамбыл көшесі: Розыбакиев көшесінен Масанчи көшесіне дейін
Оңтүстік:
— Мұратбаев көшесі: Райымбек көшесінен Шевченко көшесіне дейін
Солтүстік:
— Шәріпов көшесі: Абай көшесінен Мақатаев көшесінің солтүстік бағытына дейін 

Бір бағыттағы қозғалыстың мүмкіндіктері:

Көлік қозғалысы жақсарады – көшеде жанжал азаяды.
Көлік қозғалысы жеңілдейді – тар көшелердегі жолақтарға бағдаршам қойылмаса да болады .
Жаяу жүргіншілер тек бір бағытқа ғана бағдар жасайды, яғни қауіпсіздік сақталады.
Бұл көліктерді өткізу мүмкіндігін және қозғалыс жылдамдығын арттыруға жағдай жасайды.
Алматы қалалық ІІД өкілдері бір бағытты көшелерде жол көлік оқиғаларының азайғанын айтып отыр.

Мәселен, Құрманғазы көшесінде былтыр 49 ЖКО тіркеліп, бір бағытқа ауысқан 10 айдың ішінде бұл көрсеткіш 20-ға қысқарған. Ал, Шефченко көшесінде 2017 жылы 53 жол көлік оқиғасы орын алса, биыл небәрі 13 факт тіркелген.

Алматы көшелерінде қозғалыстың орташа жылдамдығы сағатына 12 шақырымға дейін артады.
Қашықтықты жүріп өту уақыты 17%-ға қысқарады.
Қозғалыстың орташа жылдамдығы 40 км/сағ құрайды.

Новости партнеров