Ер адам алдымен туған ұлын өлтіріп, артынан өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды «Қостанай жаңалықтары» басылымы.
Басылымның хабарлауынша, 44 жастағы ер адам алдымен 4 жастағы ұлын өлтірген. Кейін өзін бірнеше жерінен пышақтаған.
Азамат бүгін түнде Жетіқара ауруханасына жеткізілді. Ол сол жерде көз жұмды. Таңертең мәйітті тексеруге қатысты сараптама тағайындалған болатын. Әзірге дәрігерлер болған жағдайға қатысты белгілі бір ақпарат беруден бас тартып отыр.