ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 30 шілдеде Алматы уақытымен 03 сағат 59 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 132 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық санаты – 9.9. MPV тербелісі - 3.8, ошағының тереңдігі - 10 км», делінген хабарламада. Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілген жоқ.