|
23.01.2017 | 11:18
1232

Қала әкімі Универсиада нысандарына барып дайындықты жіті пысықтады

Қала әкімі Универсиада нысандарына барып дайындықты жіті пысықтады

Қала әкімі Бауыржан Байбек Универсиада нысандарында болып, қысқы ойындарға дайындықты пысықтады. Қала басшысы Атлеттер ауылын, «Алматы арена» мен «Халық арена» спорт кешендерін, «Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы» мен «Шымбұлақ» тау шаңғы курортында болды. Сонымен қатар, әкімге «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндер кешенінде орналасқан Универсиаданың басты операциялық және ақпараттық орталығының дайындығы да көрсетілді. Мұндағы спортшыларға және қонақтарға алғашқы көмектің қалай көсетілетіндігі талқыланып, олардың қауіпсіздігіне жіті көңіл бөлінуі керектігі қадап айтылды. Артынша, қала басшысы қаламыздың беткеұстар нысаны «Медеу» мұз айдынына барды. Мұз алаңы заманға сай матрацтармен жабдықталып, айдындағы экран да жаңартылыпты. Айта кетсек, студенттер ойындары Алматының 8 спорт нысанында өтеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир