|
13.12.2016 | 09:59
1929

Қатерлі ісік дертіне шалдыққандар жергілікті дәрігерлерде емделуді жөн санайды

Қатерлі ісік дертіне шалдыққандар жергілікті дәрігерлерде емделуді жөн санайды

Қатерлі ісік дертіне шалдыққан Алматылықтар жергілікті дәрігерлерде емделуді жөн санап отыр. Бұған қызмет сапасының жақсаруы себеп. Алматы онкологиялық орталығы биыл 65-жылдық мерейтойын тойлауда. Тәуелсіздік алғалы медицина мекемесінде қандай жаңашылдықтар енгізіліп, нендей өзгерістер орын алды. Тақырыпты тілші тарқатады. 


2010 жылы Қытай елінен келген Хамит Мәсейдің ауыр дертпен қалалық онкологиялық орталығына түскеніне 2 апта болған. Дәрігерлер науқасты тексеруден өткізіп, 5 күннен кейін ота жасаған. Мұндағы дәрігерлердің ұйымдаса жасаған жұмысының нәтижесінде ер адам өз-өзіне келген.


«Солардың арқасында, міне, осы жерге еңбектеп келгенмін. Енді түрегеп, атқа мінейін деп отырмын. Енді сиыр бағамын ғой барып. Енді осы қарғаларым аман болса, қояр талабым - әлі де біраз оқыса шіркін, шетелдің ғалымы ғалым болғанда, біздің адамдар ғалым болмайды емес. Асып түскенде екен. Сондықтан, әлі де оқуын жеткізсе, жас қой. Онда біздің Қазақстан ешкімге жалынбайды техникалық жағынан»,- деді Алматы қаласының тұрғыны, Хамит МӘСЕЙ.


Қатерлі ісік ауруына шалдыққан азаматтар онкологиялық орталыққа көптеп түседі. Олар көбінде, ауру қозған кезде дәрігерге жүгінеді. Әйтсе де, қалада аурудың алдын алуға бағытталған және оны арнайы құрал-жабдықтың көмегімен емдеп шығаратын ұлттық скринингтік бағдарлама іске асқан.


«Тері қатерлі ісігін емдейтін аппарат өте жеңіл әсер етеді. Өйткені, сәулелер теріге терең енбейді, тек сыртқы бетіне тарайды. Біз беткейлі тері қатерлі ісігін 100 пайыз емдейміз»,- деді Алматы қалалық онкологиялық орталығының дәрігер-радиологыГалина МОНАХОВА.


Қысқафокусты рентген терапиясы аппаратының жұмыс істеп тұрғанына 60 жылдан астам уақыт болды. Соңғы жылдары онкологтардың жұмысы әлдеқайда жеңілдеген. Орталықтағы мультиспиральды компьютерлік тамография қатерлі ісікті қатерсіз ісіктен ажыратуға мүмкіндік береді. Бір күнде мамандар 30-ға жуық науқасқа 50-ге жуық зерттеу мен дифференциалды диагностика жасайды. Әлемде қандай емдеу тәсілдері бар, бүгінгі күні соның көпшілігі Қазақстанда да жасалып жатыр.


 «Біздің ауруханамызда сәулелік интраоперациялық ем тәсілі қолданылып жатыр. Илак деген аппарат. Отаның үстінде сәулемен емдеп, қайталанылмайтындай мүмкіндік береді. Осы жылы Денсаулық Сақтау Басқармасының қаражатына ерте кезінде анықтайтын аппарат алынды. Вива скан деген. Позициялық Эмиссиялық Томография деген бар. Ол көп мемлекеттерде жоқ. Орталық Азияда да жоқ. Ол біздің Астанамызда бар»,- деді Алматы қалалық онкологиялық орталығының бас дәрігеріДамир ДӘУЛЕТБАЕВ.

 

Елімізде мемлекет тарапынан Скрининг бағдарламасы іске асты. Оның мақсаты - 1-інші, 2-ші сатысындағы обырды анықтап, емдеп, адамның өмірін ұзарту, сол дерттен айықтыру.  Аталмыш бағдарламаның арқасында 3 мыңға жуық алматылықтардың қатерлі ісік ауруына шалдыққандары анықталған.

 

Сая Меңдеке, Айбану Анарбаева, Мұрат Тайжанов, «Алматы» телеарнасы 

 


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир