|
13.12.2016 | 09:50
1434

Қазақстан мұнай өндірісіне шектеу қоятын болды

Қазақстан мұнай өндірісіне шектеу қоятын болды

Қазақстан мұнай өндірісіне шектеу қоятын болды. Мұндай келісімге ОПЕК-ке мүше емес елдердің кездесуі барысында қол қойылды. Елде қараша айында тәулігіне 1 млн 700 мың баррель қара алтын өндірілген. Өндірісті 20 мың баррельге қысқарту бюджетке үлкен ауыртпалық түсіре қоймайды дейді Үкімет отырысында энергетика министрі Қанат Бозымбаев. Бұл пікірді Премьер Министр Бақытжан Сағынтаев та қолдайды. Жалпы жаһандағы мұнай тұтынушы елдердің қоймалары қара алтынға толып тұр. Өндірісті шектеу арқылы сол қор көлемін азайту көзделуде.

Үкімет алдағы 15 жылда 1,5 млн отбасына баспана салмақ. Ол үшін тұрғындарға екінші деңгейлі банктер арқылы 17%-бен несие береді. Алайда, азаматтар оның тек 10% - ғана төлеуге міндеттеледі. Қалған 7%-ды мемлекет субсидиялайды.

«Біз бұл несиелердің 7% - ын 7 жыл бойы қазына есебінен жауып отырамыз. Ол үшін бюджеттен келер жылға 10 млрд теңге қарастырылды. Бұл сомма 8 мың адамға 120 млрд теңге көлемінде несие  беруге жетеді. Бұл 560 мың пәтер салуға шақ қаржы», - деді ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық БИШІМБАЕВ.

Қазақстанда балабақшалар, ауруханалар мен колледждер жекешендіріледі. Елімізде меншікті оңтайландырудың осылайша екінші кезеңі басталмақшы. Бұл дегеніміз мемлекеттік меншіктегі 7 мыңға жуық мекеме  түгенделіп жекенің қолына өтеді.  Бірден емес әрине. Қазір әкімдіктермен «пилоттық жоба» ретінде 94 ұйымды кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру келісілді.

«Балабақшаларды жекешелендіру мәселесі бізде болған. 90-шы жылдары осы балабақшаларды тез-тез  жекенің қолына берген кезде, соның ішінде бұл нысандар да кетіп қалды. Бүгінгі күні 2 мыңдай балабақшалар мемлекеттік меншікте, бірақ 6 мыңдай жеке меншікте», - деді ҚР Қаржы министрі Бақыт СҰЛТАНОВ.

Ендігі мәселе, жер үйлердің құрылысы. Құжатқа сай, бұл нысандар бір типтік жоба бойынша салынады. Әрі үйлердің шаршы метрінің құны орта есеппен 100 мың теңге болуы тиіс. Осы себепті, атқамінерлер әр өңірдегі құрылыстың басы-қасында бір ғана компания жүреді деп шешті. Ал, мердігердің кім екендігін жергілікті әкімдік конкурс өткізу арқылы анықтайды. Компанияға қойылатын басты талап құрылыста қолданылатын отандық материалдың көлемін 90% жеткізу.

Айжан Шамшидин, Бауыржан Қажақанов, «Алматы» телеарнасы Астанадан


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир